Жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 19-25 шілде аралығында Гейдар Әлиев көшесінің Асқар Тоқпанов көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.