– Жылыту маусымының басталуы Жылыту маусымына дайындық жүргізу және өткізу ережелерімен реттеледі. Оны бастау үшін орташа тәуліктік температура 5 күн бойы 10 градус деңгейінде болуы қажет. Аталған жағдайда біз жылыту маусымының басталғанын жариялап, нысандарды жоспарлы түрде іске қосамыз, – деді «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының режим және реттеу жөніндегі орынбасары - Бас инженер Абзал Сауғабаев.
Сонымен бірге, ауа температурасы төмендеген жағдайда, әлеуметтік нысандар үшін жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін.
– Біз әлеуметтік нысандар - балалар мен медициналық мекемелер үшін жылыту маусымын ертерек бастауды қамтамасыз етуге әрдайым дайынбыз, - деді Абзал Сауғабаев.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада қысқы жылыту маусымына жылу қоры дайын екенін жазғанбыз.