Акция шеңберінде «Достық» үйі мен ЭКСПО саябағы алаңындағы «Бейбітшілік және келісім» аллеясында абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.
«Бүгінгі алғаш өтіп отырған экологиялық акция елордамыздың көгалдандыру жұмысына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, ашылғанына көп болмаған «Достық» үйінің ауласы мен маңайында жасылдандыру жұмысын жүргізудеміз. Осылайша табиғатымызды таза ұстаумен қоса, ағаш отырғызып, қаламызды жасыл желекке бөлеуді жөн санадық. Бұл шара өзіміз үшін де, қала экологиясы үшін де маңызды. Жəне бүгінгі акцияға жастар белсене қатысып жатыр. Бұл өз кезегінде олардың тәрбиесі мен туған жерге деген жанашырлығының белгісі», - деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.
Аталған шараға ұйытқы болған - Қазақстан халқы ассамблеясы мен Астана қаласы əкімдігі. Акцияға Мәжіліс депутаттары, қоғамдық келісім қызметкерлері, этномəдени бірлестік өкілдері, республикалық жастар қозғалысы белсенділері мен студенттер қатысты. Экологиялық акция барысында 350 түп қарағай, шырша, қайың, терек отырғызылды. Сондай-ақ, ЭКСПО саябағы алаңында акция қатысушыларына ұлттық тағамдар ұсынылып, соңы жастардың флешмобы мен этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасына ұласты.