«Химия пәніне қызығушылық танытқан дарынды оқушыларымыздың халықаралық жарыстар мен олимпиадалардағы жеңістерін басшылыққа ала отырып, Ұйымдастыру комитетінің шешішімен, Қазақстан 2017 жылы 51-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізуші ел мүмкіндігін алды. Осы ретте химиядан 51-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізу аясында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «KAZBILIM» орталығымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың наурыз айының 2-3 күндері Астана қаласы №73 мектеп-лицейінде жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары арасында химия пәнінен қалалық олимпиадасын ұйымдастырды», - делінген Астана қалалық Білім басқармасы таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, мектепішілік Олимпиадаға химия пәніне қызығушылық танытқан Астана қаласы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысып, ал қалалық кезеңіне тек қана 1-ші орынды иеленген 155 оқушы жолдама алды. Олимпиада теориялық және тәжірибелік турдан тұрады.
«Олимпиадаға келген оқушылар мектептердің статусына және бұрын көрсетіп жүрген нәтижесіне байланысты жоғары және төмен болып екі лигаға бөлінді. Қазылар алқасының құрамына Астана қаласы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен кәсіби шебер жоғары санатты мамандандырылған білім беру мекемелерінің химия пәні мұғалімдері тартылды», - деп атап өтті Білім басқармасынан.