Елордада халықаралық Шевченко оқулары басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да VII Халықаралық Шевченко оқулары өтуде. Бұл шара украин ақыны Тарас Шевченконың 204 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жыл сайын дүниежүзілік Шевченко оқуларын өткіземіз, яғни бұл шаралар барша әлемде ұйымдастырылады. Бұл тұрғыда Канада, Украина, Беларусь және Қырғызстанмен тұрақты байланыстамыз. Енді осымен жетінші оқуларға да жеттік. Неге Қазақстанда өткізіп жатырмыз? Себебі Қазақстанда шевченкотанушылардың шығыс орталығы қалыптасты. Еліміздегідей этникааралық келісім моделі ешбір мемлекетте жоқ және оны біздің Президент құрды», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан украиндарының радасы» ЗТБ төрағасы Юрий Тимощенко.

Аталған шара барысында Украина, Ресей және Қазақстан ғалымдары Т. Шевченко шығармашылығы мен мұрасы бойынша баяндамалар жасады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Тарас Шевченко ескерткішінің жобасы бекітілді. 

Ескерткіш нұсқасы қорғалып, қабылданды. Онда тұтас композиция қамтылған, дәл ортасында Тарас Шевченконың ескеткіші орналасады. Сонымен қатар, сол жағында украиндық екі тұлғаның, ал оң жағында қазақтың екі тұлғасының бейнесі қойылады