Биыл фестивальге Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының, ҚР Ұлттық ұланның, МКҚ-ның, Моңғолия Қорғаныс министрлігі Әскери училищесінің, сондай-ақ Бішкек қаласының Мэриясы жанындағы үрмелі аспаптар оркестрлері қатысады.
Шараның ашылуы 4 шілдеде сағат 20.00-де қалалық алаңда өтеді. Келесі күні сағат 10.00-де музыкалық мереке қалалық саябақтарда және басқа алаңдарда жалғасын табады. Ал кешке «Бәйтерек» монументінің жанында бэнд-марафон ұйымдастырылады. Фестивальдің соңғы күні барлық ұжымдардың қатысуымен Парад-концерт өтеді.
Шеру Республика даңғылымен Әскери-тарихи музейден Жастар сарайына дейін жүріп өтеді.
«Астана Самалы - 2017» фестивалі қалалық алаңда Плац-концертпен аяқталады.