Елордада иесіз ит-мысықтардың көрме-жәрмеңкесі өтті

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада иесіз иттер мен мысықтардың көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шарамақсаты – үй жануарларына сенімді қожайын тауып, бұл мәселеге азаматтардың көңілінаударту.


Келушілердіңназарына 25 ит пен 15 мысық ұсынылды. Сондай ақ, уақытша баспанадағы иесіз өзгеде жануарлардың суреттері көрсетілді.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңке елордадаекінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жолғы шара нәтижесіндеқараусыз қалған 60 ит пен мысық жаңа иесін тапты.


Нұр-Сұлтан қаласында қаңғыбасжәне қараусыз қалған жануарларға арналған уақытша баспана 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жерді 700-ге жуықит, 60-тан астам мысық пана еткен. Аталған жануарлардың барлығы карантин,вакцинациялаудан өтіп, бүгінде ветеринарлардыңбақылауында.

Шараұйымдастырушылары - «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылаубасқармасы» ММ, «Астана ветсервис» КМ және жанаулардың құқығын қорғайтынқоғамдық ұйым өкілдері.

Толық фоторепортажды мына жерден көруге болады.