Елордада иесіз иттер мен мысықтардың жәрмеңкесі өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 шілде күні «Астана» концерт залы аймағында иесіз қалған иттер мен мысықтардың «Возьми меня домой» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Басталуы сағат12.00-де. Шара ұйымдастырушылары — Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы жәнебақылау басқармасы, «Астана ветсервис» КМ және жанаулардың құқығын қорғайтынқоғамдық ұйымдар өкілдері. Бұл көрме-жәрмеңке мақсаты – шарадағы ит пенмысықтарға сенімді қожайын тауып, азаматтардың иесіз қалған жануарлар мәселелесіне назарын аударту.

Көрме–жәрмеңкедесүйкімді мысықтар және ақылды иттермен жақынырақ танысып, ұнағанын өзімен алыпкетуге мүмкіндік бар. Сондай ақ, мұнда қараусыз қалған жануарларға арналғануақытша баспанада иесін күтіп отырған өзге де жануарларының суреттері қойылады.

Осылайша, шарақатысушылары сүреттегі төрт аяқты достарын Ақсүмбе орамы, 1 үйде орналасқануақытша баспанадан алып кете алады. Қаңғыбас және қараусыз жануарларға арналғануақытша баспана 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Қаладағыжануарларға арналған ең үлкен уақытша баспана осы. Бұл жерді 700-ге жуық ит,60-тан астам мысық пана еткен. Аталған жануарлардың барлығы карантин,вакцинациялаудан өтіп, мал дәрігері маманының бақылауында.

Соңғы жаңалықтар