Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 1 қаңтар күні 19:01-де Алматы ауданына қарасты Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан «Аладин» ЖШС-нің аумағындағы тұрғын үй ретінде жабдықталған контейнерде орын алған. Қатты отынмен жанатын пеш ақауынан шыққан иістен уланған аты-жөндері белгісіз 1 әйел мен еркек көз жұмды.
11:47, 02 Қаңтар 2011
Елордада иіс тиіп 2 адам қаза тапты
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада иіс тиіп бір әйел мен еркек қаза тапты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.