Осы жылдың 3 және 4 маусым күндері жөндеу жұмыстарына байланысты Қ.Мұңайтпасов көшесінен А. Янушкевич көшесіне дейінгі учаскедегі Иманов көшесінде орналасқан көпірде автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда асфальт төсемінің жоғары қабатын салу жұмыстары жүргізілетін болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген басқарма хабарламасында.