«Менің ойымша, бұл шектеу тұрғын үй нарығындағы жағдайға ешқандай әсер етпейді. Жалпы, елімізде тұрғын үй құрылысы секторына жан-жақты назар аудару қажет. Елордада ондаған нысан қолданыстағы заңнамаға сәйкес салынып жатқан жоқ. Бұл жылжымайтын мүлікті сатып алушылар үшін ғана емес, жалпы ел үшін алаңдатарлық жағдай», - деді Нина Лукьяненко Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.
Ол сондай-ақ қазір тұрғын үй құнына қандай факторлар әсер етіп отырғанына тоқталды.
«Өсімге түрлі қолжетімді қаржыландыру бағдарламалары ықпал етеді. Атап айтқанда, халықтың барлық санаты үшін төмен пайызбен несие беру. Мен әрқашан мұндай тетіктерге қарсымын», - деді Нина Лукьяненко.
Сарапшы мысал ретінде көрші Ресейдегі жағдайды еске салды.
«Ресейдің ірі қалалардағы жылжымайтын мүлік бағасын қараңыз. Онда жаңа тұрғын үй құрылысын қолдау үшін мынадай шарттар ұсынылды: 10% бастапқы жарна және 2 пайызбен ипотека. Барлығы екі айдан кейін баспана сатып алып, оны қайта өткізетін инвесторға айналды. Оның үстіне қазір бұл елдің инвестициялық тартымдылық деңгейі аса жоғары емес. Сондықтан біздің елімізде құрылыс салушылар арасында үйді саудалауға қатысты тәртіп орнату керек. Қазір кім қалай сатқысы келеді, солай сата береді. Ол үшін заңды айналып өтетін шарттар ойлап тапты, ал халық онымен келісуге мәжбүр», - дейді Нина Лукьяненко.