деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өз сөзімді бастамастан бұрын, қиын- қыстау кезеңде біздің халқымызды паналатқан Қазақстан халқына алғысымды білдіремін. Қазақстан ингуш халқы үшін екінші Отанға айналды. Жалпы, менің Қазақстанға келуімнің басты мақсаты - өздеріңізбен жүздесу еді. Осы сапарымды бірнеше мәрте жоспарлаған болатынмын, бірақ орайы келмеді. Міне бүгін республикадағы қиын жағдайға қарамастан сіздерге уақыт тауып келіп отырмын», деді Ингушетия президенті.
Ингуш елінің басшысымен бірге сол елдің әртүрлі министрліктері мен ведомстоваларының өкілдері мен көрнекті қоғам қайраткерлері еріп келген. Сондай-ақ делегация құрамында «Ингушетия» халық биі мемлекеттік ансамблі бар.
Ю.Евкуровтың Қазақстан Республикасына сапары барысында еліміздің бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізіп, Алматыда Ингуш мәдени орталығын ашу жоспарланған.