Елордада интимді қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері қаладағы коттедждердің бірінде интимді қызмет көрсетген массаж салонының жұмыс істеп тұрғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция келген уақытта бөгде адамдар үшін жабық тұрған коттеджде 6 бойжеткен болған. Олардың массаж салонында интимді қызмет көрсетуді ұсынатыны анықталған.

«Массаж салонының басқарушысы Әкімшілік кодекстің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК (277800 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Жиналған материал осы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғау үшін Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», - деп хабарлайды департаменттен.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті карантин уақытында жұмысына тыйым салынған орындарға барудың қауіпті екенін ескертеді. Құқық қорғаушылар карантин шараларын сақтау керекігін еске салады.