Бұл ақпаратты Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ағымдағы жылы қаңтардың 20-сында Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы және кешенді жедел іздестіру шаралары барысында елорда аумағына есірткі заттарын жеткізумен айналыспақ болған топты құрықтауға арналған операция жүргізілді.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған іс-шара барысында бірнеше мәрте сотталған 1964 жылы туған әйел мен оның 1980 жылғы көңілдесінің Қарағанды облысынан елорда аумағына ірі көлемде есірткі жеткізбек болғандығы анықталған. Аталған тұлғалардың қылмыстық іс-әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру шараларының барысында күдіктілердің жеке заттарының арасынан 1 киләға жуық есірткі заттары тәркіленген.
Сараптама нәтижесінде бұл заттардың героин екені анықталып, олардың үстінен ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.