Елордада ірі өрт орын алып, иіс тиген бір азаматша ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада ірі өрт орын алып, иіс тиген бір азаматша ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға өткен жексенбі күні Оңтүстік-Шығыс шағынауданында орын алған. Жеке тұрғын үйлердің бірінің бөлмесінен шыққан өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт салдарынан иіс тиіп уланған 1987 жылы дүниеге келген қыз бала ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомство ақпаратында.

2 сағаттың ішінде ауыздықталған тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 29 маманы мен 5 техникасы жұмылдырылды.