Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында оғаш қылық бейнеленген видео анықталды.
Онда жас жігіттің үйдің лифтісіне кіріп, мониторды сындырып, лифт қабырғаларын бүлдіргені түсіп қалған.
Оқиға биылғы жылдың 16 шілдесінде кешкі уақытта «Каминный» тұрғын үй кешенінде болған.
Аталған факті бойынша күдіктінің ішімдікке тойып алып, үйіне келе жатқан 18 жастағы елорда тұрғыны екені белгілі болды.
Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар, мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін тәртіп бұзушы ӘҚБтК 440-бабы бойынша жауапқа тартылды.