деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Елордалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Дмитрий Квашук Жедел-криминалистік басқармасының аға криминалисі Юрий Соломоненко мен ішкі істер органдарының ардагерлері Мәулен Жүсіпов, Мұратбек Мұсабеков, Николай Власов және Қайрат Бұлашовқа «Чернобыль 1986-2011» медалін табыс етті.
Сұрапыл апаттың салдарын жоюға қатысқандарға алғысын білдірген полиция полковнигі: «Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Жылдан-жылға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандардың саны азайып келеді. Бұл апат өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Бүгінгі өміріміз үшін жан аямай жасаған ерліктеріңіз естен шықпайды, ұмытылмайды. Сіздер ұрпаққа ұлағатты жол, бейбіт болашақ қалдырдыңыздар. Бүгінде егде жастарыңызға қарамай, жастарға патриоттық тәрбие беруде алғы шептен табыла білдіңіздер. Сіздерге басымызды иіп, ризашылығымызды айтамыз», - деді.