ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - 25-26 қарашада Астанадағы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында В.Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» романының желісі бойынша жазылған Ц.Пунидің әйгілі «Эсмеральда» балетінің премьерасы өтеді,
деп хабарлады ҚР мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қойылымның көркемдік жетекшісі - Гуидо Риччи (Италия), қоюшы дирижер - Айдар Абжаханов, бас балетмейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, бас хормейстер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.
«Эсмеральда» балетінің ең алғашқы қойылымын француз балетмейстері Жюль Перро 1844 жылғы 9 наурызда Лондондық Корольдік театрының сахнасында жүзеге асырған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.