Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларус, Өзбекстан, Ұлыбритания, Грузия және Жапония елдерінің теннисшілері қатысады. Ашық кордта өтетін турнир тамыздың 7-іне дейін жалғасады. Аталған спорттық іс-шараны Қазақстан Теннис федерациясы мен Қазақстанның теннис туры ұйымдастырып отыр.
10:42, 02 Тамыз 2010
Елордада ITF Circuit «Astana Women's» халықаралық әйелдер турнирі басталады
АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін елордада жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын ITF Circuit «Astana Women's» халықаралық әйелдер турнирі басталады. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.