Белсенділердің ұсынысы бойынша, жануарларға арналған аумақты қоршап, үй жануарларға спорттық қимылдарды үйрететін секцияны ұйымдастыруға болады.
«Астанада иттердің саны жылдан - жылға өсуде. Соған байланысты, иттер мен мысықтарды асырау ережелері жасалды және бұл ережелерді сақтау керек. Дегенмен, арнайы ережелер шығарылса да, иттерді серуендеуге шығаратын және арнайы қимылдарды үйрететін алаңдар жоқ. Егер мұндай орындар бөлінбейтін болса, мамандар бұл иттерді үйретіп, қоғамға бейімдей алмайды. Ал егер осы аталған алаңдар ұйымдастырылатын болса, онда үй жануарларын спорттық секциялар ашуға болар еді», - деді Қазақстанның кинологтар кеңесінің өкілі Александр Белоненко.
Оның айтуынша, бүгінгі күні Астана қаласының ит өсірушілер клубында ресми түрде 1,5 мың ит тіркелгені. Алайда тіркелмеген үй жануарларының саны да көп.
Үй жануарларына арналған ережеде «қаланың ішінде иттерді қысқа қарғыбауға байлап, тұмылдырық кигізіп серуендету керек» деп анық жазылған. Серуендеу кезінде, жануар иесі итінің артын жинап, мал дәрігерлік куәлігін өзімен алып жүру керек. Үй жануарларымен балалар алаңында, спорттық алаңдарда, мектепкі дейінгі балалар аумағында, тыйым салынған жерлерде серуендеуге болмайды.
Иттерді қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз тек қоршалған жерлерде, үй жануарларын үйретуге арналған орындарда серуендетуге болады. Алайда, қалада әлі күнге дейін жануарларға арналған жерді бөлмегендіктен, жануар иесіне айыппұл салмай, бірінші уақытта ескерту ғана беріледі.
«Астаналықтардың өздері бұл іске өз үлесін қосуға дайын. Енді тек жерді бөліп, оған ит асыраушылардың қаржысын салу ғана қалды», - деді А.Белоненко.
Оның айтуынша, бұрын қалада иттерді серуендетуге арналған жер болған, алайда кейінірек ол қызметін тоқтатып, орнына тұрғын үйлер салынып кеткен.
«Астана басқа қалаларға үлгі болуы тиіс. Мысалы, Қарағанды қаласында дәл орталық саябақтың ортасында иттерген арналған орын бар екен. Ол жер қоршалған және толықтай қауіпсіз. Біз ақша сұрап тұрған жоқпыз. Бізге тек жер ғана керек және ол жерді мүмкіндігінше қоршау керек. Ал оны қалыптастыру жұмыстарының барлығын клубтар өз мойнына алады», - деді Қазақстанның кинологтар кеңесінің өкілі Александр Белоненко.