деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуына қарағанда, осы іс-шара барысында криминалдық полиция қызметкерлері 15 қылмыскерді құрықтаған, оның 2-уі ТМД-елдерінің азаматтары. Мәселен, жедел іздестіру іс-шарасы барысында қолға түскен өзбекстандық азамат өз мемлекеті аумағында лаңкестік әрекеті үшін іздестірілуде екен. Қазіргі уақытта осы қылмыскерді Минск конвенциясына сәйкес өз Отанына беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған 10 азаматттың тұрғылықты жері анықталса, олардың 4-уі - кәмелеттік жасқа толмағандар.