Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметінше, аталған басқосуға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялардың өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілердің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің бірлестіктері, сонымен қатар Қазақстанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары қатысады деп күтілуде.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында қабылданатын заң жобалардың әлеуметтік-экономикалық нәтижесіне бағалау жасалады, сондай-ақ заң жобаларды ғылыми-экономикалық түрде сараптау мәселелері талқыланады. Бүгінде Қазақстанда заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалар, халықаралық шарттарға сәйкестілігі тұрғысында сараптама жүргізіледі. «Заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптаманы енгізу шешімі қабылдаған кезде әзірленген заң жобаларының мақсаттылығын, тиімділігін, әрекеттілігін тексеруде жүйелік әдіс қамтамасыз етіледі», - делінген таратылған хабарламада.