Елордада қала маңына қатынайтын 6 бағдардың автобустары әлі де тоқтап тұр, деп хабарлайды "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі.
"City Transportation Systems" ЖШС хабарлайды:
"31.12.2023ж. сағат 06:00 өзекті ақпарат:
Ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 308, 309, 315, 316, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылып тұр.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда" делінген хабарламада.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.