деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, департаментке қалалық жолаушылар көлігінде ақшалары мен ұялы телефондарын ұрлатып алған елордалық үш тұрғын арыз берген. Зардап шегушілердің айтуынша, жоғалған заттар сөмкелерінен және сыртқы киімдерінің қалталарынан елеусіз ұрланған.
Қалта ұрыларын қылмыс үстінде қолға түсіру үшін Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасының қызметкерлерінен тұратын топ құрылып, олар бағыттық автобустың салонында ұрлық үстінде 3 жас жігітті ұстады.
Ұсталғандардың жек басын нақтылау барысында олардың Қарағанды облысында дүниеге келгендері, бұған дейін сотты болғандары және Астана қаласында уақытша тұратындықтары анықталды.
Қалта ұрыларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Олар қазіргі уақытта Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулау орнына қамалды. Полиция қызметкерлері ұрылардың осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде.