Елордада қандай тұрғындарға тегін маска беріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада кімдердің тегін медициналық маска алатындығы туралы 17 наурызда қаласында карантин енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары А. Шағалтаеваның қабылдаған қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері болған кезде (18 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер, қатерлі ісік аурулары, трансплантациядан кейінгі науқастар, созылмалы респираторлық аурулары бар науқастар) динамикалық бақылау аясында пациенттерге маскалар тегін беруді қамтамасыз етілуі тиіс», - делінген қаулының 3-тармағында.


Соңғы жаңалықтар