Елордада қанша адам Pfizer вакцинасын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Pfizer вакцинасын 13 мыңнан астам адам салдырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жүкті және бала емізетін әйелдерді, 12-17 жастағы жасөспірімдерді Комирнати (Pfizer) препаратымен вакцинациялау жалғасып жатыр. Ол 15 қарашада басталды. 2 айдың ішінде тиісті контигенттен 13 071 адам аталған вакцинаның бірінші компонентімен вакцинацияланды. Pfizer алуда жасөспірімдер көшбасы болып тұр – 8 392 бала. Одан кейін 4 348 бала емізетін әйел және 326 жүкті әйел вакцина алды. Имундаудың толқ курсынан жүкті және бала емізетін ен12-17 жастағы жасөспірімдерден 8 150 адам алды», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер қалада ревакцинация жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Осы уақытқа дейін ревакцинация алуы тиіс 244 824 адамның 19 321 немесе 7,9 пайызы ғана ревакцинацияланды», - деді Сархат Бейсенова.