Елордада қар шығару жұмыстарына жауапты тұлғалардың нөмірлері жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Астана-Адалдық алаңы» жобасының аясында жолдарды қардан тазартуға жауапты тұлғалардың нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала тұрғындары мердігер ұйымдардың жұмысына шағым немесе ескертулер болған жағдайда, көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласа алады», - деді елорда әкімдігінен.

Алматы ауданы:
Аслан Бисеғұлов 77477612796

Байқоңыр ауданы:
Диас Сугембаев 87023488288

Есіл ауданы:
Фархад Мойынов 77784558969

Сарыарқа ауданы:
Темірлан Арынов 77789168905

Сонымен қатар, қала тұрғындары iKomek 109 нөміріне қоңырау шала алады.
Барлық мәселелерді мамандар қарайтын болады.

«Айта кетейік, елордада көше бойын, жаяу жүргіншілер жолдарын, аулалар мен орамішілік аумақтарды қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қоғамдық көлік аялдамаларындағы жаяу жүргіншілер жүретін жерлерді қардан тазарту және оны шығару, сондай-ақ көшелерге реагенттер себу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасады. Жол жұмысшылары қарды жинау, көшелер мен көше қиылыстарын тазарту жұмыстарын атқаруда», - делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратында.