Күндізгі ауысымда көшелердің қарын тазартуға 1 700-ден астам арнайы техника мен 2 500-ге жуық жол жұмысшы шықты.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды көшелердің қары аршылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
Астанада 7-8 қаңтар аралығында 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2 802 жүк рейсін құрайды.
Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 436 205 текше метр қар шығарылды, бұл 105 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Астанада 8 қаңтар күні қалың қар жауып, кей уақытта боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз – 0-2 градус.