Елордада қар тазалауға 709 техника жұмылдырылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қардың қалың түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тек қаңтардың 14-нен 15-іне қараған түнде қала сыртындағы полигонға 30 мың текше метрден астам қар шығарылды. Оның 17 875 текше метрін «Астана Тазалық» ЖШС күреп, тасыды.

аstana.kz сайтының жазуынша, 709 қар күреу техникасы мен 349 жұмыс күші қаланың негізгі магистральдері мен жолдарын тазалауды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, қалаға жақында қосылған кенттер мен орамаралықтары мен аула аумақтарын қардан тазалауды қаланың басқа да субмердігерлік кәсіпорындары жүзеге асырды.

Қалада барлығы 22 қар тазалау бағдары бар.

Бұған дейін хабарланғанындай, қалың түскен қар мен бұрқасын және 13-15 м/с екпінді желге байланысты елордада күн райының бұзылатындығы жөнінде ескерту жарияланды.