Байқоңыр ауданында мекемелер карантин режимін бұза отырып жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл «Өзіміз ғой» кафесі және Ashyqбағдарламасынсыз жұмыс істеген ZaZa түнгі клубы.
Карантин шараларының сақталмауы Алматы ауданының «Сова» Караоке клубында байқалды. Сондай-ақ, мониторинг тобы Сарыарқа ауданындағы «Nirvana» бары мен «Стамбул» дәмханасында осындай жағдайды тіркеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті орган тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақсыз.