«18 желтоқсанда мониторинг тобы кешкі аралау кезінде Есіл ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге ШОБ нысандарында карантин режимінің сақталуын тексерді: «Bla Bla» бар, Тұран даңғылы, 24; «Золото» мейрамханасы, Тұран даңғылы 21; «Dark Side» бары Мәңгілік д-лы, 52а; «Icon» клубы, Тұран даңғылы, 21; «Tequila» лаундж бары, Жекебатыр к-сі, 49; «Aura club ALANYA» түнгі клубы, Тұран даңғылы, 2. Бұл нысандардың барлығы жұмыс кестесін бұзған», - деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі.
Анықталған бұзушылықтар бойынша жедел хабарламалар жасалды, кәсіпкерлерден түсіндірме алынды.
Бүгінгі таңда бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж-бары, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы.
«Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтінім жібереді», - деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Айта кету керек, елордада мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің аумағында және басқа да азаматтардың жаппай демалатын орындарында патрульдер ұйымдастырылған.