Тәртіп сақшылары жұмадан сенбіге қараған түні Қабанбай батыр көшесінде карантин ережесін бұзып, түнде жұмыс істеп жатқан «CYBER STRONG» компьютер клубын анықтады. Тексеріс кезінде клубта 60 адам болған, оның 3-уі кәмелет жасына толмаған.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болғаны немесе заңды өкілдерінсіз жүруі үшін үш жасөспірімнің ата-анасы ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ жасөспірімдерді ойын-сауық мекемесіне кіргізгені үшін компьютер клубының әкімшісі де ҚР ӘҚБтК-тің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Компьютер клубының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «карантин режимін бұзу» әрекеті бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жиналып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.
Полиция кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде 22:00-ден 6:00-ге дейін, ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде 23:00-ден 6:00-ге дейін болуға тыйым салынғанын ескертеді.