Елордада қарапайым заттарды өндірушілерге жеңілдіктер ұсынылуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазір халық тұтынатын қарапайым заттар экономикасы саласына аса мән берілуде. Біздің бағдарлама «Бизнестіңжол картасы-2020» бағдарламасымен ұқсас келеді. Бағдарламаның ерекшілігі төмен пайызбен несиенің берілуі. Себебі бүгінде көптеген екінші деңгейлі банктер несиенікемі 15 пайыз мөлшерлемемен береді. Және бір ерекшелігі бағдарлама негізінденесиені 7 жылға дейін алуға болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының аймақтықкәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев әкімдіктеөткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, кәсібін дөңгелеткісі келіп несие алған кәсіпкергемемлекет тарапынан 50 пайыз кепілдік беріледі.

«Биыл отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін үшін пайыздықмөлшерлемесі 6 пайыз болатын қарапайым заттар экономика атты жеңлдетілгенбағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудағымақсатында республикалық бюджеттен 600 млрд теңге қарды бөлінді. Оның ішіндеаграрлық сектордағы өңдеуге 100 млрд теңге, аграрлық саладағы өндіріске 100млрд теңге және өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге 400 млрд теңге бөлінді», -деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының өкілі аталған қаржы еліміздегіекінші деңгейлі 9 банкке таратылғанын айтты.

«Бағдарламаның талаптары бойынша ЕДБ 15 пайыз көлемінде несиебереді, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады», - деді Б.Жолболдиев.

Соңғы жаңалықтар