Тергеу барысында ұсталған азаматтың үш күн бойы түнгі уақытта қала аудандарының бірінде көлігімен жүріп, люктерді ұрлап жүргені анықталды.
Жас жігіт жалпы сомасы 400 мың теңгеге 9 люкті шешіп алып, оларды металл қабылдау орындарына тапсырып үлгерген.
Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде күдікті азаматтың есімі мен орналасқан жері анықталды.
Ол өз кінәсін мойындады. Ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда.
Елорданың полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады.
«Егер сіз күдікті азаматтарды байқап қалсаңыз, полиция немесе «102» нөмірінің мобильді қосымшасына хабарлауыңызды сұраймыз» деп ескертеді полиция.