Сайлау қарсаңында үгіт-насихат жұмыстары әлі де жалғасуда. Қасым-Жомарт Тоқаев штабының өкілдері Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары және студенттерімен жүздесті.
Кандидаттың сенімді өкілі, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов көпшілікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының үш тағаны туралы айтып берді.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары кандидаттың сайлауалды бағдарламасының артықшылығы жөнінде айтып берді.
Кездесу соңында Тоқаевтың сенімді өкілдері алдағы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде электоратқа өтініш білдіріп, ел болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.