«24 мамыр күні күндіз, 25 мамырда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 25 мамырда күндіз кей уақытта желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді және найзағай ойнап, бұршақ жаууы, дауыл тұруы ықтимал» делінген хабарламада.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді.