Бүгінде жүргізушілерге жадынамалар, «Ш» белгісі бар жапсырма қағаздарды табыстау үшін, Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖБ қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірлесе Астрахан тас жолы бойында орналасқан МАИ бекетіне қарай шығу ұйымдастырды.
«Биыл қыс өте қатты, ауа райы құбылмалы, төмен ауа температурасында көлікті қыздыру үшін ашық от қолдануға, сонымен қатар аккумуляторды көлікте тікелей зарядтауға болмайды. Автокөліктердегі өрт оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің өз кесірінен орын алады. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар және ешқашан өрт кезінде 101 нөміріне, ал төтенше жағдайларда 112 нөміріне хабарласуды ұмытпау қажет», - деді «Сарыарқа» ауданының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің басшысы Қуаныш Тоқсарин.
Аталған акция ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасатын болады. Осы аралықта департамент қызметкерлерімен автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау бойынша ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады, деп жазады astana.gov.kz.