Елордада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

Елордада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын маңызды іс-шаралардың бірі – «Қайырымдылық керуені» акциясы. Қиналғанға қол ұшын созу, өзара жанашырлық пен берекелі ынтымақ бізді біртұтас халық ретінде ұйыстыратын құндылық. Дана халқымыздың мәдениетінде жақындарына мейірімділік таныту бұрыннан қалыптасқан. Қайырымдылық бұл басқалардың мұқтаждығын жүрек арқылы сезіну және қолда бармен бөлісу қабілеті. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған құндылық тонның ішкі бауындай ынтымағы мен бір-біріне қайырымдылығы», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов салтанатты шараның ашылу салтанатында.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Форум барысында жыл қорытындысы бойынша қайырымдылық саласына үлес қосқан және ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға қолдау көрсеткен жандар ассамблея атынан «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ аталған іс-шара аясында «Инклюзивті білім беру – ерекше балаларды өмірге бейімдеудің басты құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform