Елордада қайырымдылық велошеру өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 10 тамызда сағат 19:30-да «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстанда донорлық жүректі бірінші реттрансплантациялаудың жеті жылдығына арналған шара аясында қайырымдылықвелошеруі мен MOLDANAZAR тобының концерті ұйымдастырылады.

Шеруге қатысушылар Керей-Жәнібек хандар көшесімен жәнеТұран даңғылымен жүріп өтеді. Ұзындығы 12 шақырымды құрайтын маршрут Ұлттықғылыми кардиохирургия орталығының тұрағынан (Тұран даңғ., 38) басталып, Тұрандаңғылымен «Астана жұлдыздары» монументіне дейін (Қабанбай батыр даңғылындағыайналма жол) жалғасады. Қатысушылар осы жерден кері бұрылып, Тұран даңғылыменҰлттық ғылыми кардиохирургия орталығына дейін жүреді. Мәреде бағалы сыйлықтарұтысы ұйымдастырылады, ал жиналған қаржы кардиохирургия саласындағы білім менғылымды дамытуға бағытталады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумақсатында велошеру барысында аталған көшелерде көлік қозғалысы жартылайшектеледі.

Айта кетейік, қашықтықты бағындыруға 60 минут уақытберіледі.

Велошеруге 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады, олүшін «Жүрек орталығы» корпоративтік қорының сайтында тіркелу керек. Тіркелу құны – 5 мың тг. Бірінші болып тіркелген 300қатысушыға қордың фирмалық белгісі бар зат сыйлық ретінде беріледі.

Шараға донорлық жүрек салынған пациенттер мен осы бірегейоперацияларды жасаған дәрігер Юрий Пя бастаған мамандар да атсалысады.

«Сау жүрек айлығы» қайырымдылық шарасының бастыұйымдастырушысы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ бастамасыменқұрылған «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры.

«Жүрек орталығы» қоры – клиникада ғылыми және білім беруқызметін дамыту және жалпы, Қазақстан бойынша кардиохирургиялық қызметтіжетілдіру мақсатында құрылған еліміздегі осындай алғашқы және жалғыз қор.