«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келер жылы қалада «Қазақ еліне мың алғыс!» ескерткіші орнатылады. Қазіргі уақытта конкурстық шаралар өткізіліп жатыр. Ол қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған этностар мен халықтардың барлық өкілдеріне үміт отын сыйлап, жан жылуымен, нанымен бөліскен қазақ халқына құрметтің белігісі ретінде Алғыс күніне арналады», - деді Ермек Аманшаев.
Сонымен қатар ол бүгінгі күні елордада Әлем қабырғасы құрылысының сұлбасына қатысты үздік ұсыныстар байқауы өтіп жатқандығынын айтты.
Фото: total.kz
18:10, 09 Тамыз 2017
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» ескерткіші салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» ескерткіші салынады. Бұл туралы бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.