Елордада қазақ күресінен «Астана Қыраны» анықталады

АСТАНА. Қазақпарат - Ертең, яғни 28 сәуір күні елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен «Астана Қыраны» жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық спорт басқармасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, бүгін қатысушы балуандарды тіркеп, салмақ өлшеу рәсімі өтсе, ертең белдесулер басталады.

Аталған додада финалда белдескен қос балуан жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысуға мүмкіндік алады.

Жарыстың ашылу салтанаты ертең сағат 15:00-ге жоспарланған. Түйе палуандар сайысы сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады. Түйе палуандар сайысына 25-ке жуық спортшы қатысады.