Елордада қазақ күресiнен мемлекеттiк қызметшiлер арасында өткен жарыста бас бәйгені қызылордалық Ж. Досымов еншіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуiрдiң 21-i. ҚазАқпарат /Руслан Игiлiк/ - Астана қаласында мемлекеттiк қызметшiлер арасында қазақ күресiнен республикалық жарыс болып өттi.

Балуандар сайысын республикалық ақпараттық-сараптамалық «Тiл» журналы мен «Тiл жанашыры» қоғамдық бiрлестiгi ұйымдастырды. Негiзгi шарттары бойынша ұлттық киiм үлгiсiн көрсетумен қатар, қатысушылар шешендiк сөз бiлуiмен де сынға түстi. Жарыста облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының ұсынысымен облыстық iшкi iстер департаментi «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлiмшесiнiң аға инспекторы, полиция лейтенанты Жасұлан Досымов Сыр елiнiң намысын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Ол жарыс қорытындысында бас бәйгенi иеленiп, жеңiл автокөлiктi жеңiп алды.