Жыл сайын форумда қазақ тілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.
«Биыл форум аясында қазақ тілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған», дейді ұйымдастырушылар.
Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші - Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы.
Тіркелу үшін және форум жайлы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден білуге болады.