Елордада «Kazakhstan Education Abroad» көрмесі және форумы өтті

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада «Kazakhstan Education Abroad» көрмесі мен форумы өтті, деп хабарлайды  рm. kz сайты.

Форум барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өкілдері шәкіртақы тағайындау рәсімдері және стипендианттарды оқыту үшін университеттерді іріктеудің талаптарымен, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының ағымдағы жұмысымен мен жоспарымен таныстырды.

Айта кету керек, аталмыш ведомство қазіргі таңда 23 халықаралық ұйыммен ынтымақтастықты жалғастыруда. Бүгінде білім мен ғылым саласында 45 мемлекетпен 131 келісім жүзеге асырылуда.

Ал «Болашақ» бағдарламасының серіктес-университеттері шараға қатысушыларға колледждердің өкілдерімен, орта мектеп директорларымен, аға оқушылармен, жергілікті университеттердің халықаралық ынтымақтастық және алмасу қызметтерінің өкілдерімен және шетелдерде оқуды ұйымдастырушы агенттіктердің кеңесшілерімен кездесу мүмкіндігін ұйымдастырды.

Форум барысында өткен сессиялардың барысында сондай-ақ Британдық Кеңестің, DAAD, Campus France, Canadian Education Consulate ұйымдарының және Түркия Елшілігі Білім департаментінің өкілдерімен «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.