АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 6 желтоқсан күні елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында 2020 жылға дейін ҚР Президентінің өкілеттілігін ұзарту жөніндегі референдумды өткізу туралы бастамашыл топты қолдауға орай ұйымдастырылған «Қазақстан 2020: жаңа онжылдықтағы - жаңа Қазақстан» тақырыбындағы конференция өтеді.
Бұл ақпаратты «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығы таратып отыр.
Алқалы жиын жұмысына Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім, Мәжіліс депутаты, жазушы Алдан Смайыл, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Әкім Тарази, ақын Серік Тұрғынбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстандағы украиндықтар Радасы одағының президенті Юрий Тимошенко сынды елге танымал азаматтар қатысады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.