Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық Медиа-форумы ұйымдастырылады
12:30, 11 Қараша 2013
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық Медиа-форумы ұйымдастырылады.
«14-15 қарашада Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі Халықаралық төзімділік күніне орайластырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық Медиа-форумын ұйымдастырады», - деп бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.