Портал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша ҚХА мен Халықаралық ақпараттандыру академиясының бастамасымен аталған ұйымның қазанның 26-сында өтетін 15-ші сессиясы қарсаңында жаңартылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл веб-порталдан қоғамдық ұйымның және оның аймақтық бөлімшелері мен этномәдени бірлестіктердің қызметі жайында жан-жақты мағлұмат алуға болады. Ассамблеяның сайтының идеологиялық құрама бөлімі әр этностың мемлекетіміздің болашағын орнатудағы, сондай-ақ Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу стратегиясын жүзеге асыру жолындағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін көрсету негізінде құрылған. Онда елімізде тұратын этностар, этномәдени бірлестіктердің қызметі және олардың ұлттық мерекекелері туралы ақпараттар берілген.
Аталған шараға ҚХА хатшылығының басшылары, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.