Айта кетерлігі, республикалық фестиваль Наурыз мейрамын мерекелеу күндерінде, 21 наурыздан еліміздің барлық өңірлерінде басталған болатын. Ал бүгін өңірлік фестивальде жеңіске жеткен өнер ұжымдары елордаға келіп, гала-концерт өткізуде.
«Бүгінгі шараға Қазақстанның 11 өңірінен 100-ден астам адам қатысуда. Түрлі салада жұмыс істейтін, өзінің ұлттық өнеріне бей-жай қарамайтын адамдардан құралған шығармашылық ұжымдардың өнері жоғары бағаға лайық. Бұл гала-концерт «Қазақстан - халықтар достығының алтын бесігі» фестивалінің қорытындысы десек те артық емес», - дейді шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық қорының директоры Алмагүл Сәлімова.
Оның сөзіне қарағанда, «Думан» ойын-сауық орталығында қолданбалы өнер шеберлерінің де көрмесі ұйымдастырылуда. Оған Қазақстанның 3 өңірінен 25 шебер келіп, өз бұйымдарын ұсынуда.
«Гала-концерттен кейін фестиваль қатысушылары 8 аталым бойынша марапатталатын болады», - деп қосты А.Сәлімбаева.