Қорғаныс министрлігінде болған жүздесуде екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесуге Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің мамандары мен Беларусь қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Кеңес барысында екі мемлекет арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Кедендік одақ пен Еуразия экономикалық кеңістігіндегі оның даму қызметінің келешегі талқыланды.
Тараптар ағымдағы жылы қыркүйек айында әскери-техникалық ынтымақтастық жөнінде Астана қаласында өткізуді жоспарлаған қазақстан-беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Шағын комиссия отырысының күн тәртібін талқылады.
Әңгіме барысында екіжақты байланыстың өзара тиімділігі мен жаңа жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндіктердің бар екендігі аталып өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.