Келіссөздер қорытындысы бойынша үш құжатқа қол қойылды.
Атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық баланыстар және сыртқы істер институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді.
Сонымен қатар Дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Мұнымен қоса, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық бағдарламасына да қол қойылды.